Назар аударыңыз! Қарызды уақытында қайтармау қаржы проблемаларын тудыруы мүмкін. Қарыз бойынша ұсыныстар>>>

Назар аударыңыз! Қарызды уақытында қайтармау қаржы проблемаларын тудыруы мүмкін. Толығырақ

Бізбен бірге
7 4 5 4 0 3
клиенттер
Ақпарат үшін байланыс:
+7 (727) 355-24-24
+7 (778) 021-24-24
Күн сайын 8:00-ден 20:00-ге дейін
Сома

Экономный Гибкий
Мерзімі 31 күн
Сіз үнемдейсіз
Ақшаны алу
  • Аласыз
  • Дейін (қоса алғанда)
  • Қайтарасыз
  • Сыйақы мөлшері
Қосымша қызмет
Ucredit

Жылдам беру

Мерзімі 5 күн
Ақшаны алу
  • Аласыз
  • Дейін (қоса алғанда)
  • Қайтарасыз
  • Сыйақы мөлшері
Қосымша қызмет

Воспользуйтесь дополнительной услугой от сервиса Ucredit, если хотите получить решение по заявке в течение 1 часа. Стандартный срок рассмотрения заявки сервисом Кредит24 - 10 дней.

Ucredit

Жылдам беру

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалпы шарттар

• Кредит24 қалай жұмыс істейді?
Кредит24 компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлгісінде ресми түрде тіркелген. Біз «Кредит24» ЖШС және жеке тұлға арасындағы Қарыз шарты негізінде қарыз береміз. Қарыз беру үшін меншікті қаражатты ғана қолданамыз. Компания әрекеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толығымен сәйкес келеді.
• Кредит24 банктік деректемелері

«Кредит24» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заңды мекенжай:
улица Алмалы бақ, дом 11а
Алатау ықшым ауданы, Бостандық ауданы,
Алматы, 050023
Қазақстан

Банктік деректемелер:
БИН: 130740008462
шот/IBAN: KZ286017131000000353
«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ 
Банктің БСК HSBKKZKX

• Нано-қарыз дегеніміз не?
- 7 000 бастап 200 000 теңгеге дейінгі микроқарыз
- күніне 0,19%
- 31 күнге дейінгі мерзімге
Нано-қарыз тез арада шағын соманы қолма-қол ақшамен алу қажет болатын жағдайлар үшін жасалған. Бірінші қарыз пайызсыз 7 000 бастап 100 000 теңгеге дейін 31 күнге дейінгі мерзімге беріледі. Қарызды уақытында қайтарсаңыз, келесі қарыздың сомасы 150 000 теңгеге дейін өседі. Нано-қарызды алу шарттары
• Қандай жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін өндіріп аласыздар?

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) -  берілген Қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды. Қарыз шарты бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу ережесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша барлық төлемдері, соның ішінде сыйақы сомаларын, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдар, өсімпұлдар), комиссияларды және Қарыз шартымен алдын ала көзделген өзге төлемдер, осыған Қарыз сомасы кірмейді, бірігіп Қарыз шартының барлық әрекет ету аралығында берілген Қарыз сомасынан аса алмайды.

Қазіргі кезде көпшілікке ең танымал өніміміз “Нано-займ” бойынша біз күніне 0,19% қарапайым пайыздық мөлшерлемесін қолданамыз. 

Біздің клиентіміздің әдеттегі мысалы:

  • Қарыз сомасы: 13 күнге 50 000 теңге.
  • Пайыздық мөлшерлеме: күніне 0,19%.
  • Қайтаруға жататын жалпы сома: 61 625 теңге.
  • Артық төлеу сомасы: 11 625 теңге немесе 23 %. Бұл жерде 10 140 теңге – «Жылдам беру» қызметі үшін төленетін сома, ал 1 485 теңге – қарызды 13 күн пайдаланғаны үшін сыйақы сомасы.

• Сіздің қарыздарыңыз бойынша артық төлемді есептеу жеткілікті түрде айқын және ашық, бірақ, егер клиент қарызды мерзімінде қайтармаса, ол өте тез жағымсыз жағдайларға ұшырауы мүмкін шығар?

Біз ақшаны тек қарызды өтей алатындарға ғана беретіндігімізге көз жеткізу үшін көп жұмыс жасап жатырмыз, бірақ, жүз мындаған өтінімдерді қарастыра отырып, қарызды қате адамға беруіміз ықтимал немесе адамдардың төлемқабілеттілігіне әсер ететін өмірлік мән-жайлары өзгеруі мүмкін.

Егер клиентте қырызды өтеумен байланысты қиындықтар туындаса, біз әрқашан қарыздың құрылымын қайта қарау құралының көмегімен кезең-кезеңімен өтеудің жоспарын құруға тырысамыз. Клиент қарыз сомасын 3 ай мерзімге бөліп төлей алады. Соңында, егер біз біреумен байланыса алмасақ немесе қарызды өтеудің ақылға қонымды жоспары туралы келісе алмасақ, біздің саясатымыз - қарыз бойынша борышты артық төлем сомасы қарыз сомасының 100% жеткен кезде тоқтатылуда. Бұл - клиент үшін оның борышының ешқашан шексіз және бақылаусыз өсе бермейтіндігінің кепілі болып табылады.
• Неліктен төменгі пайыздық мөлшерлемемен несие картасын пайдаланбасқа?
Банктің несие картасын алушыларға қоятын талаптары жоғары, сондықтан барлығы дерлік оны ала алмайды, оның үстіне көпшілігі карталарды қолданғысы келмейді. Одан басқа, әдетте, төменгі мөлшерлеме тек белгілі бір шарттарда - мысалы, оны тек қолма қол ақшасыз есептесу үшін қолданғанда ғана сақталады. Көп адамдарға қолма-қол ақша керек.

Сонымен қатар, несие картасы оған үйрену тұрғысынан айтарлықтай қауіпті болып табылады, ондағы ақша картадағы қарызды өтегеннен кейін бірден қол жетімді болады және әрқашан оны пайдаланып қалуға қызығушылық артады. Сайып келгенде, шығындар мен қарыздың өсуі бақылаусыз болуы мүмкін. Кредит24 қарыздары шектеулі мөлшерге, ұзақтыққа және пайыздық мөлшерлеме сомасына ие, сондықтан қарыз алу кезінде несие карталарында қолданылатын күрделі есептеулерге қарағанда, клиент әрқашан борышты жабу үшін өзінің қашан, қанша қайтару керектігін нақты біледі.
• Кредит24 алынған займ клиенттің несие тарихына зиянын тигізуі мүмкін бе?
Жауапты несие беруші ретінде біз кредиттік бюроны қосқанда, мәліметтерді бірсыпыра дереккөздерден аламыз. Кредиттік бюромен серіктестік туралы келісім шеңберінде біз де оларға кері тәртіпте ақпараттар ұсынуға міндеттіміз.

Қарызды кім ала алады

• Қарызды кім ала алады?
21 жастан асқан Қазақстан азаматы. Тіркелім, банктік карта немесе банктегі шот және қазақстандық нөмірі бар ұялы телефон қажет. Бұрында Кредит24 қарыздары бойынша мерзімді кешіктіргеніңіз бар болған жағдайда жаңа қарыз алу мүкіндіктеріңіз азаяды.
• Қарызды қандай қалада алуға болады?
Қазақстанның кез келген түкпірінде. Өтінім үшін тек интернет және ұялы телефон қажет.
• Қарыз алу үшін қандай құжат қажет?
Кредит24 онлайн-қарыздары үшін ешқандай құжат жинау немесе кепілгер іздеу қажет емес. Бірінші қарызды сұраған кезде сайттағы сауалнаманы толтырасыз да, сіздің деректеріңіз «Жеке кабинетте» сақталады. Біз енгізген мәліметті бағалап, шешім қабылдаймыз. Келесі қарыздар үшін өтінімде тек соманы және өтеу мерзімін көрсеткеніңіз жеткілікті болады.
• Қарыз алу үшін өтінім тек интернет арқылы ғана тапсырылады ма әлде басқа да тәсілдер бар ма?
Онлайн-қарызға өтінім тек Кредит24 сайтында ғана тапсырылады. Өтінімді толтыру кезінде сұрақтарыңыз болса, көмек хабарламаларын қолданыңыз немесе қолдау қызметімен хабарласыңыз:    +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.
• Қарыз алу үшін өтінімді телефон арқылы берсе болады ма?
Жоқ, өтінімдер тек Кредит24 сайтында ғана тапсырылады. Өтінім бойынша сұрақтарыңыз болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.
• Менде басқа қарыздар бар, Кредит24 қарызын алсам болады ма?
Қолданыста басқа компаниялардың қарыздары немесе кредиттерінің бар болуы қарызды бермеуге себеп емес. Бірақ барынша ақылға салып көріңіз: мерзімді ең аз кешіктірсеңіз де, кредиттік тарихыңызға жағымсыз әсер етеді. Осыдан кейін барлық қарыздарыңызды қайтара аласыз ба? Ең дұрысы бұрынғы қарызды қайтарыңыз да, тек содан кейін Кредит24-ке өтінім жолдаңыз.   
• Шетелде бола тұра, қарыз алуға өтінім берсем болады ма?
Роуминг қосылып тұрса, иә. Онлайн-қарыз алу үшін интернетке қолжетімділік және қазақстандық оператор нөмірі бар ұялы телефон қажет. Біз ол нөмірге шартқа қол қою үшін қажетті sms-код жібереміз.   
• Қарызды туысқаныма немесе досыма алсам болады ма?
Жеке деректерді қолданып, қарызды тек өз атыңызға ала аласыз. Өтінімдегі есімдер сәйкес келмесе, қарыз беруден бас тартамыз.
• Ана болуға байланысты демалыста болсам, маған қарыз беріледі ме?
Ана болуға байланысты демалыста бола тұрып, қарыз ала аласыз. Тұрақты табыс көзіңіз бар болса — өтінім беріңіз. Жоқ болса – шешім қабылдау алдында біздің ұсыныстарымызбен танысып шығыңыз.
• Көптен бері ешбір жерде жұмыс істемесем, маған қарыз беріледі ме?
Біз өтінім тапсырарда жұмыс орнынан анықтама сұратпаймыз. Дегенмен тұрақты айлығыңыз болмаса, қарызды қалай өтейтініңізді ойлаңыз. Шешім қабылдау алдында /rekomendatsii-po-poluc біздің ұсыныстармен танысып шығыңыз/.
• Менде зейнетақы аударымдары жоқ, маған қарыз беріледі ме?
Онлайн-қарызға өтінім тапсырарда сіз табысыңызды растамайсыз. Сіз өзіңізге жұмыс істеп, зейнетақы аударымдарымен расталмайтын тұрақты табысқа иесіз бе? Ендеше қарызға өтінім жолдай беріңіз. Олай болмаса, күшіңізді бағалап, салмақты шешім қабылдаңыз. Біздің ұсыныстармен танысып шығыңыз.
• Мен студентпін, маған қарыз беріледі ме?
21 жасқа толсаңыз, иә, мүмкін. Дегенмен, өтінімді тек тұрақты табысыңыз болып, қарызды пайызымен бірге қайтара алатыныңызға сенімді болсаңыз ғана тапсыруды өтінеміз. Шешім қабылдау алдында біздің ұсыныстармен танысып шығыңыз.
• Қарызды өтеу бойынша мерзімді кешіктергенім бар, маған қарыз беріледі ме?
Мерзімді кешіктіргеніңіз болса да, қарыз алу мүмкіндігіңіз бар. Өтінімді автоматтандырылған жүйе өңдейді, ол сіздің кредиттік тарихыңызға қоса табыс деңгейін және жеке деректерді саралайды.

Қарыз алу үшін өтінімді тапсыру

• Мен өтінім тапсырдым, Кредит24 шешімін қалай біле аламын?
Кредит24 «Жеке кабинетінде», және де біз сіздің ұялы телефоныңызға өтінімді қабылдаған соң 20 минут ішінде sms-хабарлама жібереміз.
• Бірінші қарыздың ең үлкен сомасы
Бірінші ретті сіз 7 000 бастап 100 000 теңгеге дейін 31 күнге дейінгі мерзімге Нано-қарызды пайызсыз ала аласыз. Қарызды уақытында қайтарсаңыз, екінші қарыздың сомасы 150 000 теңгеге дейін өседі. Нано-қарыз шарттары туралы толығырақ біліңіз
• Шартқа қол қою үшін қайда бару керек?
Өтінімді Кредит24 сайтында тапсырсаңыз, ешқайда бару қажет емес. «Жеке кабинетте»өтінімді толтырыңыз, осыдан кейін ұялы телефоныңызға біз жіберген sms-код арқылы шартқа қол қоясыз.
• Қарыз алуға тапсырылған өтінімнің күшін жоюға болады ма?
Тапсырылған өтінімді кері қайтара алмайсыз, бірақ қарызды уақытынан бұрын айыппұлсыз қайтарып, пайыздан үнемдеуге болады.
• Қарыз алуға өтінімді қайталап тапсыра алмай тұрмын
Бұл екі жағдайда орын алуы мүмкін:
- Сіздің «Жеке кабинетіңіз» белсенді, бірақ сізде қолданыстағы немесе мерзімі  өткізіліп алынған қарыз бар.
- Сіздің «Жеке кабинетіңіз» түрлі себептермен уақытша немесе тұрақты түрде бұғатталған. Егер сіз қарызды мерзімін өткізіп алмастан төлеген болсаңыз, бірақ сонда да өтінім бере алмасаңыз, келесі қолдау қызметіне хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.

Банктік карта

• Банктік картаның авторизациясынан өте алмай тұрмын
Төлем картаңыздың қолданылу мерзімін тексеріңіз. Карта онлайн-төлемдер үшін ашық болуы тиіс. Онлайн-төлемдерге салынған тыйымды банкіңіздің сайтында алып тастай аласыз немесе банкіңіздің контакт-орталығымен хабарласыңыз.
• CVV2 (CVC2)-код деген не?
Visa және MasterCard карталары үшін үш цифрден құралған арнайы код, картаның сырт жағында таба аласыз. Бұл код онлайн-төлемдер кезінде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл пин-код немесе құпиясөз емес, сол себепті картадағы ақшаның қауіпсіздігі жайлы қапаланбаңыз. Сіздің рұқсатыңызсыз ол ешкімге де қолжетімді болмайды.
• Ақшасы жоқ картаны тіркеуге болады ма?
Картаға 3D Secure-код орнатылған болса, карта авторизациясы үшін оны енгізіңіз. Ондай құпиясөз орнатылмаған болса, келесі қадамдарды орындаңыз:
— Кредит24-ке карта авторизациясына өтінім жолдаңыз. Біз картаңызда азғантай соманы бұғаттаймыз.
— Картада ақша болса, бұғатталған соманы банк сайтындағы «Жеке кабинеттен» көре аласыз. Картаны растау үшін оны Кредит24-те енгізіңіз.
— Картада ақша болмаса, банкіңіздің контакт-орталығына қоңырау шалыңыз. Соңғы сәтсіз транзацияның сомасын біліңіз. Картаны растау үшін оны Кредит24-те енгізіңіз.
• Қарыз алу үшін қандай банктік карталар қажет?
Біз ақшаны кез келген қазақстандық банк шығарған атаулы Visa немесе MasterCard картасына жібереміз. Карта онлайн-төлемдер үшін ашық болуы тиіс. Онлайн-төлемдерге салынған тыйымды банкіңіздің сайтында алып тастай аласыз немесе банкіңіздің call-орталығына қоңырау шалыңыз.
Назар аударыңыз:
— Зейнетақы немесе жәрдемақы алуға арналған карталарды қолдануға болмайды. Оларға мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан басқа көздерден ақша енгізуге тыйым салынған.
— Кіріс аударымдарын қабылдамайтын Kaspi Bank жалақылық карталарын қолдануға болмайды.
• Қарыз алу үшін бөгде картаны қолдануға болады ма?
Ақша алу үшін тек өз картаңызды қолдана аласыз. Сіздің есіміңізбен карта иесінің есімі сәйкес келмесе, қарыз беруден бас тартамыз.

Жеке кабинет

• Құпиясөзімді ұмытып қалдым
— Авторизация бетінде «Авторизация бетінде»-ді басыңыз. Ашылған жолаққа тіркелу кезінде көрсеткен ұялы телефон нөмірін енгізіңіз. Құпиясөзді өзгерту үшін қажет кодты sms-хабарлама арқылы аласыз.
— Ұялы телефоныңыз қолжетімді болмаса, бізге [email protected] мекенжайына жеке куәліктің көшірмесі қосылған электронды хат жазыңыз. 
• «Жеке кабинетім» бұғатталды
Бұғатталу себебін білу үшін қолдау қызметімен хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24. Біз телефон бойынша сіздің деректеріңізді растауыңызды немесе [email protected] мекенжайына жеке куәліктің көшірмесін жіберуіңізді сұрауымыз мүмкін.
• Қарыз шартын қалай табуға болады?
Біз қарыз шартын тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайына жібереміз. Электронды жәшік қолжетімді болмаса, қолдау қызметімен хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.
• Өтінім мәртебесін қалай білуге болады?
Кредит24 «Жеке кабинетінде». Өтінім мақұлданған соң, қарыз мәртебесі «пәрменді» болып өзгереді, бұған қоса біз шешім туралы sms-хабарлама жібереміз.
• Ағымдағы қарыздың мәртебесін қалай білуге болады?
Кредит24 «Жеке кабинетінде». «Ашық карыз» қосымша бетінде сіз қарыз мәртебесін, өтеу күнін және қайтарылуға тиісті жалпы соманы көре аласыз.
• Деректерімді қалай өзгертуге болады?
Электронды пошта мекенжайын, ұялы телефон нөмірін, код сөзін, фамилияны немесе жеке куәлік деректерін өзгерту үшін [email protected] мекенжайына жеке куәліктің көшірмесі қосылған электронды хат жазыңыз. Құпиясөз және өзіңіз туралы басқа да мәліметті «Жеке кабинетте» өзгерте аласыз.
• Маған қарыз берілмеді. Себебін білуге болады ма?
Қарыз алуға тапсырылған әрбір өтінімді түрлі факторларды ескеретін автоматтандырылған жүйе өңдейді. Біз қарыз берілмеудің нақты себебін айта алмаймыз. Әдетте бұл табыстың жеткіліксіз деңгейі, деректердің сәйкес келмеуі немесе жағымсыз кредиттік тарих.

Қарыз беруден бас тарту

• Маған қарыз берілмеді. Келесі жолы қарызды қалай алуға болады?
Бас тартудың кең тараған себептері — қате көрсетілген деректер, табыстың жеткіліксіз деңгейі немесе жағымсыз кредиттік тарих. «Жеке кабинетте» мәліметті қайта тексеріңіз. Жалақыңыз көтерілсе немесе бұрынғы қарызды жапсаңыз, қарыз алуға өтінімді қайталап жолдаңыз.
• Кредиттік тарихты қалай жақсартуға болады?
Бірнеше микроқарызды кешіктірусіз жабыңыз. 7000 бастап 100 000 теңгеге дейінгі Нано-қарызды алып, уақытында қайтарыңыз. Келесі қарыз 150 000 теңгеге дейін ала аласыз. Уақытында өтелген әр қарызбен сіз өз кредиттік тарихыңызды жақсартасыз.

Ақшаны алу

• Қарыз мақұлданды. Ақшаны қашан аламын?
Ақшаны өтінім мақұлданған соң 15 минут ішінде жөнелтеміз. Алу тәсілі ретінде банктік картаны таңдаған болсаңыз, ақшаны 30 минут ішінде қабылдайсыз.
Ал банктегі шотқа ақшаны банк бір жұмыс күні ішінде аударады. Өтінімді демалыс немесе мейрам күндері жолдаған болсаңыз, ақша түсуі одан да көп уақытты талап етеді — банкіңізде анықтаңыз.
• Ақшаны қалай алуға болады?
Өтінімді жіберерде, сіз ақшаны алу үшін ыңғайлы тәсілді таңдайсыз: банктегі шот, банктік карта немесе «Қазпошта»шоты. Бұл туралы — Ақшаны қалай алуға болады тарауында.
• Ақша шотқа аударылмады, себебі неде?
Ақшаны өтінім мақұлданған соң 15 минут ішінде жөнелтеміз, алайда ақшаны шотыңызға аудару үшін банкке бір жұмыс күні қажет болуы мүмкін. «Жеке кабинеттен», шот деректерін тексергеннен кейін, ақша түсу уақытын анықтау үшін банкіңізбен хабарласыңыз.
• Ақша түнгі уақытта аударылады ма?
Кредит24 өтінімдерді тәулік бойы қарастырады. Егер сіз қарыз алған болсаңыз, онда тіркелген карта автоаматты түрде мақұлданған жағдайда ақшаны жарты сағат ішінде ала аласыз. Кредит24 қарыздарын бұрын алмаған болсаңыз, ақша жұмыс уақытында ғана түседі. Картаңыздың немесе банктағы шотыңыздың теңгерімін келесі жұмыс күннің ертесінде тексеріңіз.
• IBAN-ды қате көрсеттім. Не істеу қажет?
Ақшаны өтінім мақұлданған соң 15 минут ішінде жөнелтеміз. Алайда IBAN деректері қате көрсетілсе, банк ақшаны аудара алмайды. Бұл кезде қарыздың күші айыппұлсыз және сыйақы есептелусіз жойылады. Келесі өтінімді жіберерде, деректемелерді мұқият тексеріңіз: ақшаны дер кезінде алуыңызды біз де қалаймыз.
• Пайыздар қай күннен бастап есептеледі?
Ақшаны өтінім мақұлданған соң 15 минут ішінде жөнелтеміз. Өз міндетімізді осылайша орындап, қарызды қолдану үшін сыйақыны осы мезеттен бастап есептейміз. Ақшаның шотқа түсуі банкіңіздің жұмыс істеу жылдамдығына тәуелді болады. Ақшаны алудың ең тез тәсілі — банктік карта, ақша 30 минут ішінде қолжетімді болады.

Қарызды өтеу

• Қарызды қалай қайтаруға болады?
Ақшаны бізге қайтару оңай, міне төрт мүмкін болатын тәсіл:
— қолма-қол ақшамен QIWI, Касса24 немесе CyberPlat терминалдары арқылы.
— Банктік картамен «Жеке кабинет»арқылы.
— Qiwi Wallet электронды әмияны және Касса24-Личная касса арқылы.
— Банктік аударым арқылы
— Казпочта бөлімшелерінде қолма қол ақшамен.
Толығырақ Ақшаны қалай қайтаруға болады тарауынан біліңіз.
• Қарызды уақытынан бұрын өтеуге болады ма?
Иә, сонымен қатар қарызды ерте қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлемейсіз. Қарыз қалдығының нақты сомасын «Жеке кабинеттен» біле аласыз. Қарызды уақытынан бұрын өтеу туралы толығырақ біліңіз.
• Картам қолжетімді емес, қарызды қалай өтеуге болады?
Бірнеше тәсіліңіз бар:
— Қарызды қолма-қол ақшамен QIWI, Касса24 немесе CyberPlat терминалдары арқылы қайтарыңыз: оларды табу оңай және олар   Кредит24 төлемдері үшін комиссия ұстамайды.
— Qiwi Wallet электронды әмияны немесе «Касса24-Личная касса» арқылы төлеңіз.
— Банктік аударым жасаңыз, дегенмен, есіңізде болсын, осы кезде ақша 3 жұмыс күніне дейін жүруі мүмкін. Салатын соманы дұрыс есептеңіз: үш күн қарыз қолданғаныңыз үшін де пайыздар есептелед.
 — Қарызды қолма қол ақшамен Казпочтаның кез келген бөлімшесінде төлеңіз.
• Алынған қарыздан қалай бас тартуға болады?
Қарызды алу туралы өтінімге sms-код арқылы қол қойған болсаңыз, қарыздан бас тарта алмайсыз. Қарызды уақытынан бұрын және айыппұлсыз өтеңіз, төлейтіңіз 5 күн қолданысқа есептелетін пайыз ғана.
• Қарызды бөгде картадан төлеуге болады ма?
Кредит24 сайтында «Жеке кабинетте» тіркеместен қарызды өзге картамен төлеуге болады. Сонымен қатар, сіз QIWI электронды әмияны немесе «Касса 24 — Жеке карта» шотын, егер  төлемді жүргізу үшін қажетті деректерді білсеңіз өзге картамен толықтыруыңызға болады.

Қарыз өтеудегі қиындықтар

• Қарызды төледім, бірақ ақша түспеді
Төлем қолма-қол ақшамен QIWI, Касса24 немесе CyberPlat терминалдары арқылы жасалып, ақша түспеген жағдайда, мәселе терминалда болуы мүмкін. Төлем туралы чектерді әркезде сақтаңыз. Төлем жасалғаннан кейін «Жеке кабинетте» қарыз мәртебесі өзгермесе, [email protected] мекенжайына төлем квитанцияларының және жеке куәліктің көшірмесін жіберіңіз. Себепті анықтау үшін жеткізушімен хабарласамыз.
• Қарызды уақытында төлеп бітірмесем, не болады?
Біз айыппұл саламыз: әр мерзімін өткізіп алған күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 3 пайызын құрайды.
• Мен қарызды мерзімінде төлеп үлгермеймін. Не істеу қажет?
Қарызды төлеуге үш күн қалғанда «Жеке кабинетте» «Қарызды қайта қаржыландыру» (Рефинансировать) батырмасы іске қосылады, сол арқылы сіз қарызды қайтарудың жаңа күнін таңдай аласыз. Қарызды қайта қаржыландыру - алдыңғы қарызды толығымен төлеу үшін жаңа қарыз алу. Қарызды қалай қайта қаржыландыруға болатыны туралы толығырақ біліңіз.

Техникалық қолдау

• Мен өтінімді толтырдым, алайды sms-код келмеді.
Коды бар хабарлама қарызды алу өтініміне қол қою үшін қажет. Sms-код 15 минут ішінде келмесе, ұялы телефонды сөндіріп, қайта қосыңыз. Бұл көмектеспесе, өтінімдегі «Кодты қайта жіберу» батырмасын басыңыз. Қате қайталанса, қолдау қызметімен хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.
• Сауалнама толтырудың келесі кезеңіне өтү мүмкін болмай тұр.
Сауалнаманың барық өрістерін толтырдыңыз ба? Тексеріңіз де, қате қайталанса, қолдау қызметімен хабарласыңыз: +7 (727) 355 24 24, +7 (778) 021 24 24.

Қауіпсіздік

• Деректерімнің қауіпсіздігі туралы қапаланбауға болады ма?
Біз жеке деректерді қорғаймыз және клиенттеріміздің алдында жауаптымыз. Сервистің құпиялылық саясаты «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес дайындалды.

Ұсыныстар

• Сомасы айлық табысыңыздың жартысынан асатын қарыз алмаңыз.
Біз сіздің қарыздарды уақытында және ешбір мәселесіз қайтаруыңызға мүдделіміз. Қаржылық мүмкіндіктеріңізді анық бағалаңыз. Ақшаңыз қарыз бойынша ай сайынғы төлемге де және міндетті шығындарға да — тұрғын жайды жалдауға, коммуналды қызметтерге жеткілікті болады ма? Келесі айлыққа дейін алаңсыз өмір сүре аласыз ба? Микроқарыздар — тұрақты табыс көзі емес, тек қиын жағдайлар үшін шұғыл көмек.
• Төлем мерзімін кешіктіруге жол бермеуге тырысыңыз
Жағымды кредиттік тарих – болашағыңыздың инвестициясы. Бір уақытта сіздің қаржылық беделіңіз ипотека немесе бизнесті дамыту үшін кредит алуға септігін тигізеді. Қарыз бойынша уақытында төлеңіз, осы кезде келесі мүмкін болатын қарыз сомасы үлкейеді. Уақытында қайтарылған әрбір Кредит24 микроқарызы сіздің кредиттік тарихыңызды жақсарта түседі. Микрокредиттік ұйымдар және банктер жауапты қарызгерлерге бейілділік танытады.
• Өз алдыңызға қарызды қайтара алатын шынайы мерзім қойыңыз
Жалақыны күннен күнге күтсеңіз де, нақты мерзімінде сенімді емессіз бе? Сақтаныңыз да қарызды төлеу мерзімін артығымен көрсетіңіз: қарызды кез келген мезетте уақытынан бұрын және айыппұлсыз қайтара аласыз. Төлем мерзімін кешіктірмеуге тырысыңыз — біз қарыз сомасын үлкейтетін айыппұл есептеуге мәжбүр боламыз. Уақытында төленбеген қарыздар сіздің кредиттік тарихыңызға және жоспарларыңызға нұқсан келтіреді.