Төтенше жағдай кезінде Кредит24 өз клиенттерин қолдайды

Төтенше жағдай кезінде Кредит24 өз клиенттерин қолдайды

Бізбен бірге
8 7 1 9 3 1
клиенттер
Ақпарат үшін байланыс:
+7 (727) 355-24-24
+7 (778) 021-24-24
Күн сайын 9:00-ден 19:00-ге дейін
Сома

Үнемді Икемді
Мерзімі 31 күн
Сіз үнемдейсіз

Сумма, которую вы сэкономите, если получите займ «Экономный». При одинаковых условиях (срок и сумма) займ «Экономный» дешевле на 30% займа «Гибкий».

Ақшаны алу
  • Аласыз
  • Дейін (қоса алғанда)
  • Қайтарасыз
  • Сыйақы мөлшері
Қосымша қызмет
Ucredit

Жылдам беру

Мерзімі 5 күн
Ақшаны алу
  • Аласыз
  • Дейін (қоса алғанда)
  • Қайтарасыз
  • Сыйақы мөлшері
Қосымша қызмет

Воспользуйтесь дополнительной услугой от сервиса Ucredit, если хотите получить решение по заявке в течение 1 часа. Стандартный срок рассмотрения заявки сервисом Кредит24 - 10 дней.

Ucredit

Жылдам беру

Берешекті өндіріп алу бойынша сотқа дейінгі жұмыстың салалық стандарттары
«Казахстанская Ассоциация ФинТех» ЗТБ

1. Пайдаланылатын ұғымдар, нормативтік-құқықтық актілер

Бұл стандарттар «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VI Заңы негізінде құрастырылған және келесі мақсатқа ие болады:

  • қарыз шарты бойынша міндеттемелерді сотқа дейін орындау үдерісін реттеу;
  • осы Стандарттардың мақсатына жету үшін қолданылатын әдістердің және құралдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және ратификацияланған халықаралық ережелерге сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • «Казахстанская Ассоциация ФинТех» ЗТБ барлық қатысушыларының сотқа дейінгі өндіру үдерісін құрылымдастыру.

Осы құжатта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. қарыз шарты бойынша берешек (одан әрі - берешек) – борышкердің кредит беруші алдында қарыз шарты бойынша негізгі қарызды, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық төлемін (айыппұл, төлемақы өсімі) төлеу бойынша міндеттемелері;
  2. борышкер – қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісті деңгейде орындалмауына жол берген жеке тұлға;
  3. сотқа дейінгі өндіру маманы (одан әрі - маман) – қарыз шарты бойынша міндеттемелерді сотқа дейінгі реттеу маманы;
  4. сотқа дейінгі өндіру - сотқа дейінгі өндіру маманының берешекті сотқа дейінгі өндіру және реттеуге, сонымен бірге берешекке қатысты ақпаратты жинауға бағытталған әрекеті;
  5. кредит беруші – борышкерге берешек бойынша талап ету құқығы бар ұйым;
  6. коллекторлық агенттік – коллекторлық агенттіктер тізіліміне енген коммерциялық ұйым түріндегі заңды тұлға.

2. Жалпы ақпарат

Осы құжат «айлыққа дейінгі қарыздар» қызметтерін онлайн әдіспен ұсынумен айналысатын компанияларда мерзімі өткен берешекпен жұмыс істеу ережелерін және стандарттарын ұйымдастыруға шақырады.

Кредит берушілер борышкерлермен сотқа дейінгі жұмысты өз қызметкерлерінің көмегімен және коллекторлық агенттіктерді тарту арқылы жүзеге асыруға құқылы.

3. Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу жұмысын жүзеге асыру стандарттары

3.1. орышкермен әрекеттесу тәсілдері:

Кредит беруші Борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) Кредит берушімен қарыз шарты бойынша міндеттемелермен байланысқан үшінші жақпен келесі тәсілдермен әрекеттесуге құқылы:

  • телефон арқылы сөйлесу;
  • жеке кездесулер;
  • Борышкерге жіберілетін жазбаша (пошталық) ескерту хатта;
  • ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дауыстық және басқа да хабарламалар жолдау;
  • Интернет желісі арқылы.

3.2. Борышкермен әрекеттесу ережелері:

3.2.1. Борышкермен алғашқы әрекеттесу кезінде Кредит беруші келесі ақпаратты хабарлауға міндетті:

  • Кредит беруші компаниясының мекен-жайы;
  • Әрекеттесумен айналысатын маманның лауазымы, тегі, есімі, әкесінің аты;
  • Берешек құрылымы, қарыз шартында қарастырылған негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық төлемі (айыппұл, төлемақы өсімі) бойынша мерзімі өткен және ағымдағы сомалардың қалдығы;
  • Борышкердің қарыз шартында, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілігі және басқа да міндеттемелері, қарыз шартында қарастырылған міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісті деңгейде орындамаудың салдарлары;

Бұл тармақшада қарастырылмаған және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша коммерциялық немесе басқа да қорғалатын құпия болып саналмайтын ақпарат Борышкерге тек оның талабы бойынша ғана хабарланады.

3.2.2. Борышкермен әрекеттесу кезінде Кредит беруші келесі мерзімдік және мөлшерлік шектеулерді сақтау тиіс:

  • Борышкер Кредит берушіге жеке жүгінгенінде осы тармақша аясында көрсетілген Кредит берушінің ұсынған әрекеттесу мерзімінен өзге мерзімді анықтамаса, әрекеттесуді Борышкердің орналасқан немесе тіркеу орны уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 08:00 бастап, 21:00 дейінгі мерзімде жүргізу;
  • Кредит берушінің бастамасымен Борышкермен өткізілетін жеке кездесулер түріндегі әрекеттесулер саны Борышкердің орналасқан немесе тіркеу орнында, Кредит берушінің орналасқан жеріндегі ғимараттарында (филиал, өкілдік) аптасына үш реттен және жұмыс күндері сағат 08:00-ден бастап, 21:00 дейінгі мерзімде болатын бір реттен аспау;
  • Кредит берушінің бастамасымен болатын телефон арқылы сөйлесулер саны жұмыс күндері 8:00-ден бастап 21:00-ге дейінгі мерзімде үш реттен аспау;
  • берешекті сотқа дейінгі өндіру коллекторлық агенттікке тапсырылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын коммерциялық немесе басқа да құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, Борышкердің сауалы бойынша коллекторлық агенттіктің берешек қатысында коллекторлық қызметті орындау өкілеттіктерін растайтын ақпаратты және құжаттар көшірмесін ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Борышкерден және (немесе) оның өкілінен, және (немесе) үшінші жақтан алынған құжаттардың және ақпараттың, қарыз беру құпиясының, Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын коммерциялық немесе басқа да құпияның, Борышкердің және (немесе) оның өкілінің, және (немесе) үшінші жақтың жеке деректерінің сақталуын қамтамасыз ету

3.2.3. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен, әрекеттесу кезінде Кредит берушінің құқылығы:

  • Кредит берушінің орналасқан жеріндегі ғимараттарында (филиал, өкілдік) өтетін әрекеттесу үдерісін аудио- немесе видео-техника арқылы жазып алу;

  • Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын коммерциялық немесе басқа да құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, Борышкердің сауалы бойынша Кредит берушінің берешек бойынша сотқа дейінгі өндіріп алуды орындауға өкілеттігі барын растайтын ақпаратты немесе құжат көшімелерін беру.

3.2.4. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) үшінші жақпен әрекеттесу кезінде Кредит берушінің келесі әрекеттеріне тыйым салынады:

  • Борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) үшінші жақпен әрекеттесу үшін осы құжаттың 3.1 тармағында қарастырылмаған басқа тәсілдер арқылы әрекеттесу;
  • осы құжаттың 3.2. тармағының 3.2.2. тармақшасында қарастырылған талаптарды бұзу;
  • Қарыз берушінің әрекеттесуіндегі адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді тарату немесе осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтерді жария қылу;
  • Қарыз берушінің әрекеттесуіндегі адамның құқықтары мен бостандықтарына озбырлық жасайтын, сол адамның өмірімен денсаулығын қауіпті жағдайға қоятын, оған мүліктік және басқа да залал келтіруге душар ететін құқыққа қайшы әрекеттерді орындау;
  • күш немесе Борышкердің және (немесе) оның өкілінің, және (немесе) үшінші жақтың мүлігін жою немесе зақымдауды, қорлауды, айлакерлікті, жалған құжат жасау, бопсаны қолданумен қорқыту арқылы Борышкерді қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға көндіру;
  • әрекеттесу үстіндегі адамды берешектің мөлшері, сипаты және оның пайда болу негіздері туралы жаңылыстыру;
  • берешектің ақшадан өзге мүлікпен өтелуін талап ету;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Борышкерден және (немесе) оның өкілінен, және (немесе) үшінші жақтан алынған және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын коммерциялық немесе басқа да құпияны ашу.

3.3. Борышкермен жұмыс жүргізетін қызметкерлерге қойылатын талаптар

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) Кредит берушімен қарыз шарты бойынша міндеттемелер арқылы байланысқан үшінші жақпен болатын әрекеттесуге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі немесе жоғары білімі жоқ қызметкерлер қатыстырылмайды. Келесі қызметкерлер де қатыстырылмайды:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35 бабының бірінші бөлімінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалануы тоқтатылған адамдарды қоспағанда, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар немесе жеке адамға, отбасы және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және басқа құқықтарына және еркіндіктеріне, мемелекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігі негіздеріне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы және құлықтылығына, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүддесіне, мемлекеттік қызметпен мемлекеттік басқаруға, әділ сот және жазаның орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс саласына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық және әскери қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалану үстіндегі немесе қудаланудан өткен адамдар;
  • психикалық-неврологиялық, туберкулез және наркологиялық диспансерде есепте тұрғандар;
  • босатылу күнінен бері үш жыл өтпеген жағдайда, мемлекеттік қызметтен немесе құқық қорғау органдарынан теріс уәж бойынша босатылғандар;
  • коллекторлық агенттіктен Заңның 5 бабында қарастырылған талаптары бұзу үшін босатылғандар.

3.4. Берешекті сотқа дейінгі реттеу тәртібінің ерекшеліктері

3.4.1. Борышкер және (немесе) оның өкілі, оларды (оны) хабардар еткеннен кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде, Кредит берушіге қарыз шарты талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жүгінеді. Жазбаша өтініште берешектің пайда болуы себептері, қарыз шарты талаптарын өзгерту өтінішхатына итермеші болған басқа растаулы жағдайлар (фактілер) көрсетіледі және білім, табыстар мен шығыстар деңгейі, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүліктің болуы, Кредит берушіге жазбаша өтінішті қарауға және борышкердің қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға меншікті қаражатының жеткіліктілігін анықтау үшін қажетті басқа да мәлімет беріледі.

3.4.2. Кредит беруші Борышкердің жазбаша өтінішін қабылдағаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде қарыз шарты талаптарын өзгерту туралы ұсыныстарды қарастырып, Борышкерге жазбаша түрде келесіні хабарлайды:

  • ұсынылған өзгерістердің қарыз шартына енгізумен келісетіндігін;
  • қарыз шарты талаптарын өзгерту жөнінде өз ұсыныстары туралы;
  • қарыз шарты талаптарын өзгертуден бас тарту және осындай бас тартуға себеп болған дәлелді негіздеме туралы.

3.4.3. Борышкер жөнінде сотқа дейінгі тәртіптің орындалуы кезінде Кредит беруші Борышкердің берешегін өндіріп алу талабымен сотқа жүгінуге құқылы емес.

3.5. Борышкердің құқықтары және міндеттемелері

1. Борышкер құқылығы:

  • Кредит берушіден берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және реттеуді жүргізіп келе жатқан коллекторлық агенттік туралы мәліметтерді, орналасқан жері, коллекторлық агенттікте өз жеке деректерінің бар болуы, берешектің мөлшері және құрылымы туралы ақпаратты алу;
  • талаптар бойынша толықтай немесе жартылай таласу, соның ішіне сотта таласу да кіреді;
  • өз берешегі бойынша ақпаратты алу үшін Кредит берушімен осы құжаттың 3.1 тармағында қарастырылған кез келген тәсілмен әрекеттесу;
  • берешек толық өтелген жағдайда, Кредит беруші алдында берешектің жоқтығы туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредитік бюро/«Первое кредитное бюро» ЖШС және (немесе) Кредит берушіге жүгіну;
  • Кредит берушінің қызметкерлерімен болатын әрекеттесу үдерісін аудио- және (немесе) видеотехника құралдары арқылы өз бетімен жазып алу;
  • Кредит берушіге, тиісті негіздеуді көрсетіп, белгілі шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен қатысты қарыз шарты талаптарын өзгерту өтінішімен жүгіну;
  • Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен қарастырылған басқа құқықтарға ие болуға.

2. Борышкер міндеті:

  • Кредит берушіні тұрғылықты жерін ауыстыру, (жеке куәлікте көрсетілген болса) есімі әкесінің аты, тегі ауысқаны туралы, (құжат қолданылу мерзімі өткен немесе жоғалған кезде) жеке куәлікті ауыстыру туралы, онымен (олармен) байланысу үшін қолданылатын байланыс ақпаратының өзгергені туралы, Кредит берушінің онымен (олармен) байланысу және әрекеттесу әдісі өзгергені туралы хабардар ету;
  • Кредит беруші сауалы бойынша табыстар және шығыстар деңгейі жөнінде, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу айналысы қолданылуы мүмкін мүліктің болуы туралы расталған ақпарат беру;
  • Кредит беруші ұсынған берешекті өтеу шарттарымен он бес жұмыс күн ішінде қарап, Кредит берушіге өз шешімін хабарлау.

4. Коллекторлық агенттіктермен әрекеттесу стандарттары

Заң талаптарына сәйкес Кредит беруші коллекторлық агенттіктер тізіліміне кіретін ұйымдармен ғана жұмыс істеуге құқылы.